Өткен екі жыл ішінде Қазақстан өңірлерінде бизнесті жүргізу осы саладағы заңнаманың реттеуші нормаларын жетілдіру арқасында жеңілдей түсті. Бұл туралы Дүниежүзілік банктің жаңа баяндамасында көрсетілген.
«Қазақстанда бизнесті жүргізудің субұлттық рейтингі 2019» (http://russian.doingbusiness.org/ru/reports/subnational-reports/kazakhstan) баяндамасына сәйкес, бүкіл Қазақстан бойынша реформалар қарқыны артты. Нәтижелілік көрсеткіштері төмен өңірлер жетекші реформатор - Алматы қаласынан алшақтықты екі көрсеткіш бойынша екі есе қысқартты: электрмен жабдықтау жүйесіне қосу және құрылысқа рұқсат алу. Жүргізілген реформалар кәсіпкерлер үшін бюрократиялық кедергілерді қысқартуға бағытталған. Олар бүкіл елді кәсіпкерлік қызметті реттеу жүйесіндегі жаһандық тиісті тәжірибеге қарай ілгерітеді. Бірқатар жекелеген өңірлерде атап өтілген тиісті тәжірибе елдің басқа өңірлерінде үздік тәжірибелерді тарату жолымен одан әрі жетілдіру үшін реформаларға бағыт алған саясатты жасайтын шенеуніктер үшін жол салады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Арман Жұмабековтың айтуынша, «Қазақстан үкіметі бизнес ортаны жақсартуға, әкімшілік кедергілер мен бизнеске арналған шығындарды қысқартуға бағытталған теңдессіз жүйелі реформаларды жүзеге асыруда. Соның нәтижесінде Қазақстан Дүниежүзілік банктің Бизнесті жүргізу рейтингісіне сәйкес жетекші реформаторлардың отыздығына енді. Дүниежүзілік банктің жергілікті деңгейдегі ережелер мен рәсімдерді бағалауы біз үшін жергілікті бизнес ахуалды жақсарту жөніндегі міндетті едәуір жеңілдетеді, бұл елдегі кәсіпкерліктің одан әрі серпінді дамуына септігін тигізеді».
Бұл 16 әкімшілік-аумақтық бірлік – 13 облыс, сондай-ақ Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында нәтижелілікті бағалауды көрсететін Қазақстандағы бизнесті жүргізудің субұлттық рейтингі бойынша екінші баяндама. 2017 жылғы бірінші есепте 8 әкімшілік – аумақтық бірлік қамтылған.
«Қазақстанның барлық азаматтар үшін мүмкіндіктерді кеңейтуге, шағын және орта кәсіпорындардың үлесін арттыра отырып, экономиканы әртараптандыруға ұмтылысын ескерсек, реттеудің дұрыс жүйесі кәсіпкерлерге төмен өнімділік пен жемқорлықты қоса, кедергілерді еңсеруге көмектесе алады. Реформалар қарқынын жақсы басқару, сондай-ақ іске асыру нәтижелілігінің алшақтығын қысқарту есебінен кәсіпорындар өз әлеуетін толығымен жүзеге асырып, дамуға үлес қосады», - деп атап өтті Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Ато Браун.
Шағын және орта кәсіпорындар үшін бизнесті жүргізудің жеңілдік дәрежесін анықтау мақсатында баяндамада кәсіпкерлік қызметті реттеу жүйесі төрт индикатор бойынша бағаланған: кәсіпорындарды тіркеу, құрылысқа рұқсат алу, электрмен жабдықтау жүйесіне қосу және жылжымайтын мүлікті тіркеу.
Барлық зерттелген қалалар мен өңірлердің арасында Алматы үш индикатор - электрмен жабдықтау жүйесіне қосу, жылжымайтын мүлікті тіркеу және құрылысқа рұқсат алу бойынша көш бастап, бизнесті жүргізу үшін ең қолайлы қала болып отыр. Нұр-Сұлтан электрондық рәсімдердің қол жетімділігіне және электрондық үкімет платформасын пайдалану деңгейіне байланысты кәсіпорындарды тіркеу индикаторы бойынша бірінші орында тұр. Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары жылжымайтын мүлікті тіркеу индикаторы бойынша Алматы қаласымен ең жоғары рейтингті бөліседі. Бұл өңірлерде жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар тізілімі цифрлық форматта жүргізіледі. Зерттелген бірде-бір қала мен облыс барлық индикаторлар бойынша жоғары көрсеткіштермен сипатталмайды, бірақ олардың әрқайсысы кем дегенде бір индикатор бойынша көшбасшы. Бұл екі жақты оқу және облыстар мен қалалар арасында тәжірибе алмасу үшін үлкен қор бар екенін көрсетеді.
Айта кетерлігі, 2017 және 2019 жылдардағы баяндамаларда зерттелген барлық сегіз облыс пен қалалар өз бизнес ортасын жақсарта алды. 2017 жылдан бастап іске асырылған 24 реформаның сегізі кәсіпорындарды тіркеуге кететін уақытты орташа алғанда жартысынан астамын қысқартуға алып келді. Электрмен жабдықтау жүйесіне қосу индикаторы бойынша да маңызды реформалар жүргізілді; барлық сегіз өңір мен қалалар электрмен жабдықтаудың сапасы мен үздіксіздігін арттырды. Нұр-Сұлтан және Шымкент қалалары, сондай-ақ Қарағанды облысы электрмен жабдықтаудағы іркілістердің жиілігі мен ұзақтығы туралы деректерді тіркеу және есептілік жүйелерін жақсарту есебінен осы бағытта айтарлықтай жақсы нәтижеге қол жеткізді. Барлық сегіз облыс пен қалалар сыртқы жұмыстарды жүргізгеннен кейін сараптамалық қорытынды алу жөніндегі талапты жойып, техникалық шарттарды сұрау рәсімдерін ретке келтірді.
Жаһандық аренада Қазақстан көптеген басқа елдерге қарағанда жақсы нәтижелерге жылдам жетуде және бизнесті жүргізу уақыты мен құны бойынша бәсекеге қабілетті болып табылады; осы зерттеумен өлшенген реттеудің төрт аспектісінің үшеуі бойынша барлық талаптарды орындауға қажетті уақыт Еуропа мен Орталық Азия аймағына және ЭЫДҰ-ның табыс деңгейі жоғары елдеріне қарағанда орта есеппен күрт қысқарды. Алайда, рәсімдердің күрделілігі, әсіресе құрылысқа рұқсат алу индикаторы бойынша мәселелер және облысаралық деңгейде үкіметтің орталық деңгейінен түсетін реформаларды іске асыру нәтижелілігінің алшақтығы бар.
Алдағы уақытта кәсіпкерлер жергілікті деңгейде экономикалық тиімді және сапалы қызмет көрсетудің пайдасын көру үшін табыстың негізгі факторы ұлттық бастамаларды іске асыру нәтижелілігінің тиісті деңгейін қамтамасыз ету болып табылады. Қазақстан жергілікті деңгейде жауапкершілікті арттыру арқылы реформалар әсерін күшейте алады. Жергілікті шешім қабылдайтын органдар ұлттық бастамалар шеңберінен шығып, бизнес жүргізудегі кедергілерді өңірлік деңгейде, қызметтер көрсету жүйесінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін практикалық шешімдер жолымен жоюға тиіс.
Бизнес жүргізу бойынша Doing Business жыл сайынғы баяндамасында (http://www.doingbusiness.org/) әлем бойынша 190 елдің жетістіктері сараланады. Жаһандық баяндамада Қазақстан ірі іскерлік қала – Алматы бойынша бағаланады. Қазақстанда бизнесті жүргізудің субұлттық рейтингі бойынша баяндамалар бүкіл ел бойынша кәсіпкерлік қызметті реттеу жүйесі туралы неғұрлым толық ақпарат алуға бағытталған. «Қазақстанда бизнесті жүргізудің субұлттық рейтингі 2019» баяндамасы сияқты құралдар саясатты жасау кезінде осы ақпаратты одан ары пайдалану үшін өңірлер деңгейінде қызметтерді ұсыну нүктелерінде іске асыру нәтижелілігінің алшақтығын анықтауға көмектеседі.
Ақпарат көзі: Дүниежүзілік банк